Басты Жаңалықтар Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі

Құқықтық мәдениет – дамыған өркениет негізі

Құқықтық мәдениет әділетті қоғамның ғана емес, тұрақты экономиканың да негізгі тірегі. Заңгерлердің айтуынша, әр азамат өз құқығы мен міндетін білсе, заңды бұзбайды. Құқықтық сауаттылық артқан сайын заң бұзушылық пен даулардың алдын алуға болады. Ал кәсіпкерлер үшін заң талаптарының ашық әрі түсінікті болуы олардың тұрақты жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Сондықтан құқықтық мәдениет қоғам тәртібінің кепілі ғана емес, ел экономикасының дамуына да ықпал ететін маңызды фактор.

Алмас Әбдірахманов, Адвокаттар алқасының мүшесі:

Егер әр азамат өзінің құқықтарын білген жағдайда, айта кететін жағдай, мемлекеттік қызметкер тарапынан да өзінің құқығын жақсы біліп жатса, ол өзіне жауапкершілікті ала алады және де заңды келіп түскен талапқа заңды түрде жауап бере алады.


Бөлісу