Әзербайжан Қазақстан халқына көңіл айтты
Әзербайжанның Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілердің жақындарына және Қазақстан халқына көңіл айтты.
«Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізіндегі оқу-жаттығуы кезінде адамдардың қаза тапқаны туралы хабарды терең қайғырып қабылдадық. Қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына және Үкіметіне көңіл айтамыз. Алла қаза болғандарға мәңгілік тыныштық беріп, олардың отбасыларына осы қиын-қыстау кезеңде күш-қуат пен сабыр берсін. Хабар-ошарсыз кеткендердің аман-есен табылуына үміт артып, жараланған әскери қызметшінің тезірек сауығып кетуін тілейміз», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ Иран Ислам Республикасының Ақтау қаласындағы Бас консулдығы Каспий теңізінде қаза тапқан әскери қызметшілердің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Әділетті, Озық, Таза, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанның іргесі мектепте қаланады
08.10.2026, 17:47
Президент: Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанды құрудың басты алғышарты
08.10.2026, 17:41
Ел жаңалықтарына шолу
08.10.2026, 17:17
Шағын мектептерді қолдауға Qazaq Digital Mektebi жобасы әзірленуде
08.10.2026, 17:15
Ыстанбұлда тұрғын үй құлады
08.10.2026, 17:12
Жеңіл өнеркәсіп өнімдері міндетті таңбалау тізіміне енеді
08.10.2026, 17:10
Жамбыл облысында мәдени нысандар салуға ₸6 млрд бөлінген
08.10.2026, 17:08
Түркістан облысында сапасыз салынған асфальт қайта төселді
08.10.2026, 17:07