Ресей президенті Маңғыстаудағы сарбаздар қазасына байланысты көңіл айтты
Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннен Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына көңіл айту жеделхаты түсті. Ол қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстарына шын жүректен көңіл айтып, қолдау білдіретінін жеткізді және Ресей халқы олардың қайғысына ортақтасатынын жазды жеделхатта.
Қырғыз Республикасының президенті Қазақстан халқына көңіл айтты
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров та Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атына көңіл айту жеделхатын жолдады.
«Әскери қызметшілердің қаза болғаны туралы хабарды терең қайғымен қабылдадым. Қырғыз Республикасының халқы және жеке өз атымнан Сізге, қаза болғандардың отбасы мүшелеріне, туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын және зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», – деп жазған жеделхатта.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы: Әділетті, Озық, Таза, Қауіпсіз және Қуатты Қазақстанның іргесі мектепте қаланады
08.10.2026, 17:47
Президент: Заң мен тәртіп – Әділетті Қазақстанды құрудың басты алғышарты
08.10.2026, 17:41
Ел жаңалықтарына шолу
08.10.2026, 17:17
Шағын мектептерді қолдауға Qazaq Digital Mektebi жобасы әзірленуде
08.10.2026, 17:15
Ыстанбұлда тұрғын үй құлады
08.10.2026, 17:12
Жеңіл өнеркәсіп өнімдері міндетті таңбалау тізіміне енеді
08.10.2026, 17:10
Жамбыл облысында мәдени нысандар салуға ₸6 млрд бөлінген
08.10.2026, 17:08
Түркістан облысында сапасыз салынған асфальт қайта төселді
08.10.2026, 17:07