Нетаньяху мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-сессиясында Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху сөз сөйлеу үшін мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті. Өзін тыңдаудан бас тартқандарды еврей мемлекетінің жетекшісі «моральдық қорқаулар» деп атап, қарсыластары түгел кетпей, мәлімдемесін бастамайтынын ескертті.
Айта кетсек, Газада ондаған мың адамның өмірін қиған соғыс үшін Израиль қазір әлемде дипломатиялық изоляцияға ұшырап отыр. Ал Нетаньяху Халықаралық қылмыстық соттың 2024 жылғы тұтқындау туралы ордеріне байланысты дүниежүзінің көптеген елдеріне бару мүмкіндігінен айырылды.
Айта кетсек, бес аптаға жетпес уақыттан кейін Израильде парламенттік сайлау өтеді. Болжамдарға қарағанда, онда Нетаньяхудың партиясы жеңіліске ұшырауы ғажап емес.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы