Абай облысында бір күнде 3 мың тал егілді
Еліміз бойынша биыл 600-ден астам экологиялық іс-шара ұйымдастырылып, оған 7 млн адам қатысқан. Нәтижесінде 130 мың гектар жер тазартылып, 1,3 миллион тал егілді. Қоғам мен ел үшін қажет аса маңызды іс өңірлерде де белсенді жүргізіліп келеді. Мәселен, Абай облысында экологиялық шара ұйымдастырылып, бір күнде 3 мыңнан астам ағаш көшеттері егілді. Оған 15 мыңға жуық тұрғын қатысып, тазалық жұмыстарын қатар жүргізді. Бір күнде 5 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылған. Өңірлік жоспарға сәйкес биыл 67 мың ағаш көшетін отырғызу көзделген. Оның дені көктемгі кезеңде егілді. Енді жасыл желекті күтіп-баптау жүргізіліп жатыр.
Назым Мейірманова, қала тұрғыны:
Осы «Таза Қазақстан» акциясына сенбі сайын қатысып жүрміз. Негізі бұл өте жақсы бастама деп ойлаймын. Қаламыздың таза болғаны өзіміздің денсаулығымызға, болашағымызға өте жақсы әсерін әкеледі. Осы акцияға қатысып жүргенімізді балаларымыз көріп, мықты бір тәрбие берілеме деген ойдамын. Қаламыз таза болсын! Өсе берейік, өне берейік!
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия ойындары: Бүгін спортшылар 4 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 17:19
Жетісу облысында егін жинау науқаны қыза түсті
25.09.2026, 17:17
Жамбыл облысында әлеуметтік осал топтағы азаматтарды қолдауға 1,5 млрд теңге бөлінді
25.09.2026, 17:14
Ел жаңалықтарына шолу
25.09.2026, 17:13
Нетаньяху мінберге шыққанда ондаған делегат залдан шығып кетті
25.09.2026, 17:12
Вашингтонда Трамп-Си саммиті аяқталды
25.09.2026, 17:10
Жасанды интеллект мектебі ашылады
25.09.2026, 17:07
«Аналардың жүрегі» сарбаздар аналары кеңесі» көңіл білдірді
25.09.2026, 17:05