Басты Жаңалықтар Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады

Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады

Қарағанды облысы Саран индустриялды аймағында QazTehna зауыты жылына 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктерін құрастырады. Кәсіпорында 900-ге жуық адам жұмыс істейді. Қазіргі таңда зауыттан шыққан заманауи автобустар еліміздің әрбір өңірінде бар. Отандық өнімнің локализациялау деңгейі бүгінде 36 пайыздан асады. Кәсіпорынның басты мақсаты сырттан келетін эскпортты азайтып, қолданыс деңгейін 50 пайызға жеткізу. Зауыт былтырдан бастап шикізат ретінде елімізде өндірілетін болат металын пайдалана бастады. Еліміздегі алғашқы штамптау қондырғысы жылына 12 мың шанақ бөлшектерін шығаруға мүмкіндік береді. Өндірісте пайдаланып жатқан отандық болаттың сапасы да жоғары, дейді мамандар.

Мейрам Боранбаев, дәнекерлеуші:

Дәнекерлеу кезенінде біз өзіміздің штамптан өткен шанақ бөлшектерін қолданамыз. Қармет компаниясымен жұмыс істеу ыңғайлы. Техникалық сипаттамалары дәнекерлеу жұмыстарына өте ыңғайлы.
Бөлісу