Ақмола облысындағы жаңа аурухананы медициналық туризм хабына айналдыру көзделіп отыр
Көкшетауда аумағы 17 мың гектарды құрайтын көпсалалы аурухананың құрылысы жүріп жатыр. Жылына 30 мың пациентті қабылдауға қауқарлы аурухана дәл қазір 71%-ы дайын.
Нариман Ермек, Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
Қазіргі уақытта біздің Ақмола облысымызда онкология жағынан көп операция жасалмайды. Мысалы, сызықтық үдеткіш аппараты бізде болған жоқ. Енді келіп жатыр. Осы аппарат арқылы емделеді. Сонымен қатар, мұнда түрлі операциялар, соның ішінде эндоваскулярлық әдіспен миға және жүрекке жасалатын күрделі оталар да жүргізіледі.Кешенде 3 шұғыл, 16 жоспарлы операциялық зал болады. Бұрын санитарлық авиация қызметкерлері алыс аудандардағы науқастарға бару үшін әуежайға сабылып, уақыт жоғалтатын. Енді жаңа аурухананың аумағында өзінің арнайы тікұшақ алаңы салынады.
Индира Қаражігіт, анестезиолог:
Санитарлық авиация дәрігері ретінде болашақ көпбейінді облыстық аурухана базасында тікұшақ алаңының орналасатынына өте қуаныштымын. Шақыру түскен бойда санавиация бригадасы осы ғимараттан тікелей ұшып шыға алады. Алыс ауылдан пациентті әкеп, бірден диагностикасы да, операциясы да осы аурухана ішінде жасала береді. Осылайша дер кезінде ем қабылдаймыз.
Ақмола облысындағы жаңа аурухана медициналық туризм хабына айналады деп жоспарланған. Мұнда жергілікті тұрғындар ғана емес, тіпті шетелдіктер де келіп емделе алады. Қарапайым мысалмен айтсақ: Еуропа мен Америкада жүрекке немесе буынға күрделі ота жасату 10–15 мың доллар. Ал осы деңгейдегі ең соңғы үлгідегі аппаратуралармен жабдықталған бұл ауруханада дәл сондай отаны әлдеқайда арзан әрі сапалы жасатуға болады.
Бағдарламаның толық нұсқасын көру үшін:
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы«Balapan» телеарнасына 16 жыл
28.09.2026, 17:35
Алматыда Мемлекеттік академиялық би театры 60-маусымын ашты
28.09.2026, 17:33
600-ден аса жас инженер робототехникадан жарысты
28.09.2026, 17:30
Елімізде жаңа спутниктік мобильді байланыс іске қосылады
28.09.2026, 17:27
Алматыда жер сілкінді
28.09.2026, 17:15
Мемлекет басшысы шахматшы қыздарымызды құттықтады
28.09.2026, 17:12