Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымағы жаңа бағытқа көшті
«Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумы келіссөз алаңы ғана емес, мемлекеттік деңгейдегі дипломатиялық шара. Қытайлық сарапшы Чжао Чжэнь осындай пікір білдірді. Ол екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық терең интеграцияға өтудің маңызды кезеңінде тұр, деп санайды. Ғалымның айтуынша, дәл осы тұста үкімет пен бизнес арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін одан әрі жетілдіру маңызды. Алматыда өткен инвестфорум тараптардың жұмыс бағытын нақтылап, бірлескен жобаларды дер кезінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін алаң, дейді қытайлық халықаралық сарапшы.
Чжао Чжэнь, Қытайдың халықаралық мәселелерді зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері:
Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық ынтымақтастығы дәстүрлі салалардан жаңа бағытқа бет бұрғаны анық. Оны қытайлық компаниялардың инвестициялық қызығушылығынан көріп отырмыз. Инвесторлар кейінгі кезде дәстүрлі салалардан өнеркәсіптік интеграция мен технологиялық бағытқа қарай ауыса бастады. Форум дер кезінде ұйымдастырылып отыр. Бұл жұмысты жүйелеп, сапалы жаңа деңгейге көтеруге серпін береді деп санаймын.
Автор
Әйгерім Ермұханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Премьер-министр қорғаныс министріне тапсырма берді
29.09.2026, 20:01
Қазақ-Герман инвестиция-қаржы платформасы құрылады
29.09.2026, 20:00
Бескөлдегі емхананың құрылысына Ұлттық қордан 5 млрд теңге бөлінді
29.09.2026, 20:00
Азиада: Жеңіл атлеттеріміз финалда
29.09.2026, 17:35
Г.Асфендиярова және қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі
29.09.2026, 17:33
Жамбыл облысында 100 жыл химия өнеркәсібіне еңбегі сіңген әулет тұрады
29.09.2026, 17:32
«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
29.09.2026, 17:30
Атырау облысының Жамансор ауылында жаңа мектеп ашылды
29.09.2026, 17:27