Елімізде жаңа спутниктік мобильді байланыс іске қосылады
Енді ұялы байланыс жоқ жерде де телефоннан хабарлама жіберуге болады. Қазақстанда Starlink-тің смартфонды спутник арқылы байланыстыратын Direct to Cell технологиясы іске қосылды. Бұл әсіресе шалғай жерлерде, тауда немесе ұзақ жолда жүргендер үшін қолайлы. Мысалы, адам ұялы байланыс жоғалған аумақта қалып қойса, спутник арқылы хабар беріп, жақындарымен байланыса алады. Төтенше жағдай кезінде бұл қосымша қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Қазір қызмет Android смартфондарында қолжетімді. Оны пайдалану үшін Janymda қосымшасын жаңартып, Starlink қызметін қосу керек. Beeline абоненттеріне қызмет алғашқы кезеңде тегін ұсынылады. Еліміз бұл технологияны Орталық Азияда алғаш болып тәжірибеден өткізіп, халыққа ұсынып отыр.
Жасұлан Мәдиев, ЖИ және цифрлық даму министрі:
Алғашқы кезеңде қызмет Android смартфондарында жұмыс істейді. iOS құрылғыларына арналған нұсқасы алдағы бір жарым-екі айда іске қосылады деп жоспарланып отыр. Қазақстанның аумағы өте үлкен. Кейбір шалғай жерлерге байланыс желісін тарту экономикалық тұрғыдан тиімсіз болуы мүмкін. Ал ондай жерлерде тауға шығатын, орманға баратын немесе мал шаруашылығымен айналысатын адамдар жиі жүреді. Мұндай технология соларға қиын жағдайда байланыссыз қалмауға көмектеседі.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМ.Сейітова атындағы дикторлар байқауының жеңімпаздары марапатталды
28.09.2026, 17:36
«Balapan» телеарнасына 16 жыл
28.09.2026, 17:35
Алматыда Мемлекеттік академиялық би театры 60-маусымын ашты
28.09.2026, 17:33
600-ден аса жас инженер робототехникадан жарысты
28.09.2026, 17:30
Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымағы жаңа бағытқа көшті
28.09.2026, 17:25
Алматыда жер сілкінді
28.09.2026, 17:15