600-ден аса жас инженер робототехникадан жарысты
Астанада робототехникадан AI & Digital Bridge Cup 2026 өтті. Жас буынды инженерия саласына бейімдеген байқау биыл жетінші рет ұйымдастырылып отыр. Додаға еліміздің әр өңірінен 600-ден астам оқушы мен студент жиналған. Қатысушылар жас ерекешлігіне қарай бірнеше топқа бөлінді. Бастауыш сынып оқушылары ойын арқылы әртүрлі роботтарды құрастырып үйренеді. Бұл жарыстың ең күрделі бағыттарының бірі «РобоКап Рескью». Жас өнертапқыштар төрт аяқты құлтемірді басқарады. Ең күрделісі де осы. Себебі роботты құрастыру бөлек, ал оған өзің жазған бағдарламаны енгізіп, нақты тапсырманы орындату үлкен еңбектің нәтижесі. Цифрландыру мен жасанды интелект қарыштап дамыған заманда ел жастары да жаһандық көшке ілесіп келеді, дейді ұйымдастырушылар.
Әлижан Шәріпжан, AI инженер:
Біздің роботымыз ЖИ-мен толықтай автономды қозғалып, адам бара алмайтын жерге барып, жасанды интеллект арқылы ауаны, қысымды, газды анықтап жүріп бере алады. Мысалы, барамын да кітапты алып кел, ноутты алып кел немесе сөмкемді алып кел деймін. Бұл өзі қолы бар үстінде тұратын. Сол қолы арқылы өзі автономды түрде алады да, маған әкеп береді.
Асылбек Мырзахметов, ұйымдастырушы:
Жалпы, ең басты мақсат - қазір робототехника, дрон сынды жарыстар арқылы біздің адами капиталды өсіру. Өйткені бәріміз білеміз, жаңашылдық емес, жасанды интеллект робототехниканың артында болашағымыз сол жақта жатыр. Соңғы төрт жыл бүкіл әлемдік робототехника жарысында 190 ел қатысатын жарыста Қазақстан бірде-бір жеңіліссіз, абсолюттік 4 дүркін әлем чемпионы.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМ.Сейітова атындағы дикторлар байқауының жеңімпаздары марапатталды
28.09.2026, 17:36
«Balapan» телеарнасына 16 жыл
28.09.2026, 17:35
Алматыда Мемлекеттік академиялық би театры 60-маусымын ашты
28.09.2026, 17:33
Елімізде жаңа спутниктік мобильді байланыс іске қосылады
28.09.2026, 17:27
Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымағы жаңа бағытқа көшті
28.09.2026, 17:25
Алматыда жер сілкінді
28.09.2026, 17:15