Алматыда Мемлекеттік академиялық би театры 60-маусымын ашты
Алматыда Болат Аюханов атындағы Мемлекеттік академиялық би театры 60-маусымын ашты. Бұған дейін еліміздің Мемлекеттік академиялық би театры деп аталған өнер ордасына, биыл шілдеде оның негізін қалаушы, хореограф Болат Аюхановтың есімі берілген болатын.
Театрдың тарихы 1967 жылы «Алматының жас балеті» ансамблінен
басталады. Ұжымды сол кезде Болат Аюханов тоғыз-ақ әртісімен құрған. Кейін театр бірнеше мәрте
атауын өзгертіп, 2003 жылдан бері Мемлекеттік академиялық би театры ретінде
жұмыс істеп келді. Биыл өнер ордасына оның негізін қалаушының есімі берілді.
60-маусымның ашылуында хореографтың шығармашылық мұрасы қайта жаңғырды.
Көрерменге «Вечное
движение», «Секретарша», «Айжан
қыз», «Танец
с домбрами» қойылымдарынан
үзінділер ұсынылып, әйгілі «Болеро» балеті сахналанды. Енді ұжым Аюхановтың қалыптастырған
дәстүрін жалғастырып, репертуарын жаңа қойылымдармен толықтырмақ. Театр жыл
сайын кемінде екі жаңа премьера ұсынуды жоспарлап отыр.
Жәнібек Өтегенов, Б.Аюханов атындағы ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының директоры:
Жыл сайын бізде ең азы екі премьера, екі жаңа қойылым бар. Оған қоса, кейбір серіктестік қолдау көрсетіп, жоспар да, жобалар да бірталай, біз де қазақи мамандарды шақыртып, композитор болсын, қоюшы-режиссер болсын, хореограф болсын, солардың арқасында көрермендерді таңғалдырамыз деп үміттенеміз.
Автор
Әйгерім Ердәулет
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыМ.Сейітова атындағы дикторлар байқауының жеңімпаздары марапатталды
28.09.2026, 17:36
«Balapan» телеарнасына 16 жыл
28.09.2026, 17:35
600-ден аса жас инженер робототехникадан жарысты
28.09.2026, 17:30
Елімізде жаңа спутниктік мобильді байланыс іске қосылады
28.09.2026, 17:27
Қазақстан мен Қытайдың экономикалық ынтымағы жаңа бағытқа көшті
28.09.2026, 17:25
Алматыда жер сілкінді
28.09.2026, 17:15