Басты Жаңалықтар Қоржынға тағы 5 медаль түсті

Қоржынға тағы 5 медаль түсті

Сары құрлық көз тіккен Азия ойындарының тоғызынша жарыс күні аяқталуға жақын. Бүгін Ұлттық құрама атлеттері спорттың 15 түрінен бақ сынап жатыр. Әзірге қоржынға 3 күміс пен 2 қола медаль түсті. Жүлделі болғандардың арасында зілтеміршілер мен синхронды жүзушілер де бар. Толығырақ Жапонияда жүрген әріптесім Асылбек Даниярдың материалында.

Асылбек Данияр, тілші:
Біз дәл қазір Жапония астанасындамыз. Осыдан бірер сағат бұрын Токио су спорт орталығында ерлер арасында суға секіру жарысы аяқталды. Жекелей сында ерлер 1 метрлік трамплиннен секірді. 10 елдің өкілдері қатысқан бәсекеде Қазақстан атынан Назар Қожанов пен Кирилл Новиков сынға түсті. 6 айналымнан тұратын сайыста 7 төреші қатысушылардың бастапқы қалпын, әуеде орындалған акробатикасы мен айналымдар санын сондай-ақ суға кіру сәтін бағалады. Нәтижесінде Назар 249,2 ұпаймен 10-шы, ал, Кирилл 11 сатыға жайғасты.

Назар Қожанов, суға секіруден ұлттық құрама мүшесі:

Біз бір ай Қазан қаласында дайындалдық, сол жерде оқу-жаттығу жиыны өтті. Өкінішке қарай қолымды жарақаттап алып, тіктіруге тура келді. Сондықтан бүгінгі нәтиже ойдағыдай болмады. Әрине, бұл көрсеткішкен көңілім толмайды. Енді ертең үш метрлік трамплиннен секіреміз. Бар күшімді салып, қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырысамын.

Асылбек Данияр, тілші:

Сонымен бірге әртістік жүзуден жарыс аяқталды. Ұлттық құрама екі қола еншіледі. Алғашы жүлдені жұптық сында Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова иеленді. Аралас командалар арасындағы сайыста да қола бұйырды. Қытай құрамасы чемпион атанса, жапониялықтар күміс медаль жеңіп алды. Азия ойындарының тоғызыншы жарыс күні жалғасып жатыр.


Бөлісу