Басты Жаңалықтар Президент Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Президент Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады

Президент теннисші Елена Рыбакинамен кездесті. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны АҚШ ашық чемпионатындағы жеңісімен және әлемнің бірінші ракеткасы атануымен құттықтап, бұл жетістігін отандық спорт үшін тарихи мәні бар маңызды оқиға деп атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, Рыбакинаның жеңістері елдегі тенниске деген қызығушылықтың артуына ықпал етіп отыр. Президент спортшының корттағы ғана емес, қоғамдық ортадағы байыптылығына да тоқталды. Оның жоғары мәдениеті мен өзін ұстау мәнері Қазақстанды спортқа, соның ішінде тенниске қолдау көрсететін дамыған мемлекет ретінде таныту үшін маңызды екенін айтты. Ал Елена Рыбакина Мемлекет басшысына тұрақты қолдауы үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ Қазақстандағы үлкен теннистің дамуына көрсетіліп жатқан қолдауды атап өтті. Мемлекет басшысы спорттағы ерен жетістіктері және Қазақстанда теннистің дамуы мен насихатталуына қосқан үлкен үлесі үшін Елена Рыбакинаны III дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Бөлісу