Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін
Шетелдік валютада депозиті бар азаматтардың табысы артуы мүмкін. 1 қазаннан бастап банктер оларға қазіргідей 1 пайыз емес, 2,5 пайыз көлемінде мөлшерлеме ұсына алады. Бір ғана шарт бар. Салымшы жинақты бір жылдан ұзақ мерзімге ашуы тиіс. Бұл туралы депозиттерге кепілдік беру қоры айтты. Ескеретін жайт, талап күшіне енгеннен кейін барлық банктер мөлшерлемені көтермейді. Әр қаржы ұйымы шешімді өзі қабылдайды. Қор тек мүмкіндік беріп отыр. Өйткені 2015 жылы депозиттердің 80 пайызы долларда сақталса, биыл оның үлесі 19 пайызға дейін төмендеді. Жаңа талап нарықты реттеу үшін енгізіліп отыр, дейді қор өкілдері.
Жаппарберген Айбота, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының Ақпараттық саясат секторының менеджері:
Бұл шешім валюта нарығын біртіндеп ырықтандыру мақсатында қабылданып отыр. Бұл қолға алынған реформа біздің қордың тұрақтылығына және депозиттерге кепілдік беру жүйесінің жұмысына ешқандай кері әсер етпейді.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ресейде санкция салдарынан кәсіпорындар жұмысы тоқтады
28.09.2026, 20:56
Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
28.09.2026, 20:31
Азиада: Ауыр атлеттер ел қоржынына екі күміс жүлде салды
28.09.2026, 20:12
Орталық Азиядағы алғашқы FIA дрифт додасы мәресіне жетті
28.09.2026, 20:10
Бурабайда «Өр Алтай – түркілердің атамекені» халықаралық конференциясы өтті
28.09.2026, 20:09
«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
28.09.2026, 20:07
Газ саласының үздіктері анықталды
28.09.2026, 20:06
Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барды
28.09.2026, 20:05