Айдос Мырзахметов басшылық құраммен алғашқы жұмыс кеңесін өткізді
Бүгін Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов басшылық құраммен алғашқы жұмыс кеңесін өткізді. Жиында Қарулы күштерді одан әрі дамыту және реформалау бағытындағы негізгі міндеттер айқындалды. Министр әскери қызметшілерді даярлау тәсілдерін қайта қараудың қажеттігін атап өтті. Оқыту практикалық тәжірибеге, заманауи қақтығыстарды талдауға негізделуі керек, деді ведомство басшысы. Кеңес барысында Президенттің тапсырмасы бойынша жүргізіліп жатқан Қорғаныс министрлігінің қызметіне кешенді тексеру барысы да қаралды. Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына комиссия жұмысына қажетті қолдау көрсетіп, барлық қажет ақпарды ұсыну тапсырылды.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Олимпиада – 2036: Ойындарды өткізуге 7 ел үміткер
08.10.2026, 13:25
Орталық Азия елдері Шардараға келетін су көлемімен келісті
08.10.2026, 13:20
Инфляция төмендеп келеді
08.10.2026, 13:17
Ақтөбеде шыны ыдыс өндіретін зауыт салынады
08.10.2026, 13:15
Түркістан облысында 41 әлеуметтік нысан салынуда
08.10.2026, 13:12
Петропавлдағы аурухананың құрылысы қайта жанданды
08.10.2026, 13:10
Ресейдегі өкпе обасы әлемді алаңдатып отыр
08.10.2026, 13:07
Абай облысында ағашты заңсыз кескендер ұсталды
08.10.2026, 13:02