«Кітап оқитын ұлт»: 10 үздік оқырманға 10 млн теңгеден беріледі
«Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны басталды. Финалға шыққан үздік 10 оқырманға 10 млн теңгеден беріледі. Шарттар қарапайым - 6 айда 15 шығарма оқу керек. Жоба 2027 жылғы сәуірге дейін қазақ және орыс тілдеріндегі екі лигада өтеді. Ол «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж» және университет, «Кітап оқитын педагог» пен мемлекеттік қызметші, сондай-ақ «Кітап оқитын әулет» сынды 7 бағытта қамтиды. Марафон аясында оқылатын кітаптардың тізіміне 345 шығарма енген. Олардың қатарында жалпыұлттық сауалнама арқылы таңдалған 42 шығарма да бар. Өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ақшалай сыйлықтар табысталады.
Айзада Құрманова, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы:
Жоба бойынша 6 ай бойы жүретін кітап оқу марафоны республикалық бюджеттен қаражат талап етпейді. Ережеге сәйкес, республикалық финалға шыққан жүлдегерлерге жүлде қоры республикалық бюджет есебінен қалыптастырылады. Ал өңірлік жүлде қорлары жергілікті бюджет және бюджеттен тыс көздерден жасақталады.
Жанарбек Әшімжан, Құрылтай депутаты, комиссия мүшесі:
Алдағы уақытта жүйелі түрде, әр адамның өзінің ішкі ынтасымен жүзеге асатын болса, алдағы 10 жылдықта біз, қазақ мемлекеті, кітап оқитын ұлттардың көшбасшысы деңгейінде боламыз деген үміттеміз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы