Ағза алмастыру кезегінде 6867 адам тұр
Қазақстанда қазір 6867 адам ағза трансплантациясын күтіп жүр. Науқастардың 90 пайызы бүйрек пен бауыр ауруына шалдыққан. Ал дәрігер-трансплантологтардың айтуынша, қайтыс болған адамның азғасын алуға қатысты қоғамдағы пікір әртүрлі. Ал тірідей және туыстық донор болуға азаматтардың көбі дайын. Жақында Өскеменде көз жұмған 2 адамнан алынған ағзаның арқасында талай жыл кезекте тұрған 7 науқасқа ота жасалды.
2026 жылы 8 айда ел көлімінде ағза алмастыруға қатсыты 200-ге жуық трансплантация жасалды. 150-ге жуығы туыстық яғни тірі донордан алынса, тағы 50-ден астамы мәйіттерден алынған ағзалар. Ал жақында Өскеменде тағы екі адамның ішкі құрылысы алынды. Олар көзі тірісінде келісім берген.
Роман Хрипунов, аймақтық трансплантация үйлестірушісі:
Туыстарымен сөйлестік. Олар ойлана келе келісімін берді. Осыдан соң ғана біз ағза алу операциясын жасадық. Бірінші науқастан екі бауыр мен жүрек, ал екіншісінен бауыр, жүрек, өкпе және екі бүйрек алынды.
Алынған ағзалар Астана мен Алматыдағы республикалық орталыққа жеткізіліп, сол жерде күту парағында тұрған жеті науқасқа жараған. Соңғы бес жылда бүйрек ауыстыруды күтіп жүргеннің бірі - Берік. Ол аптасына 3 рет гемодиализге келеді. Оперция жасатуға әзірше донор жоқ.
Айдын Ермұратов, қала тұрғыны:
Шет елде бар екен. Ол жақта қымбаттау. Беларусияда бар екен. Ол жақтың бағасы 30-40 миллионға кетеді екен. Бір бүйрек. Бізде туысқандық донор ғана болады екен.
Қазір тек шығыста 209 адам ағза ауыстыруға мұқтаж. Олардың 194-і бүйрек ауруына шалдыққандар. Ал қоғамда көз жұмаған соң ағзасын науқасқа аманат етуге қатысты пікір ала-құла.
Қонысбек Манарбекұлы, облыстық Х.Алтай мешітінің шариғат және пәтуа бөлімінің маманы:
Ғалымдарымыз дүниеден өткен адамның ағзаларын тірі адамға қондыруға рұқсат береді. Соншалықты көп ағзал алынбайды. Дене босап қалатындай жағдайға апармауымыз керекпіз.
Ел бойынша 11 трансплантологиялық орталық бар. Бұл медициналық мекемелерде қазір 6867 адам күту парағында тұр. 4311 науқас бүйрек, 314 адам бауырын ауыстыруға мүдделі. Дәрігерлердің айтуынша, ағайынына ағзасын берудің тәуекелі тағы бар.
Қайрат Иманбаев, Республикалық транспланттауды үйлестіру орталығының бөлім басшысы:
Ағза донорлығы бар. Туыстық донорлық бар. Туыстық донор неге әлем бойынша өте сирек операция істейді? Себебі ол берген туысы ертең өзі де күту парағына түсіп қалуы мүмкін.
Өзгенің өмірін өлімінен арашалау адамгершілік құндылығы.
Ал денсаулығы дімкәс жан үшін донор өмір сүру кепілі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы