Басты Жаңалықтар Көкшетауда жедел жәрдем қаланың ең шалғай нүктелеріне 10-20 минутта жетеді

Көкшетауда жедел жәрдем қаланың ең шалғай нүктелеріне 10-20 минутта жетеді

Көкшетаудағы жаңа көпсалалы аурухананың орналасуы арнайы есептелген. Сарыарқа шағын ауданынан жедел жәрдем қаланың ең шалғай нүктелеріне 10-20 минутта жете алады.

Ауыр науқас қабылдау бөлімінде бірден КТ-дан өтіп, қажет болса тікелей ота жасау залына жеткізіледі. Кешенде 3 шұғыл және 16 жоспарлы операциялық зал болады.


Бөлісу