Басты Жаңалықтар Аралдың құрғаған ұлтанына шөлге төзімді өсімдіктер егіледі

Аралдың құрғаған ұлтанына шөлге төзімді өсімдіктер егіледі

Арал теңізінің құрғаған табанына тұқымбақ салынады. Онда шөлді жерге төзімді келетін өсімдік түрлері өсірілетін болады.

Экология және табиғи ресурстар министрі Әлібек Қуантыров Сыр өңіріне арнайы жұмыс сапарымен келіп, осы кезге дейін атқарылған жұмыстармен танысты. Жалпы орманшылар соңғы бес жылда Аралдың құрғаған ұлтанына 1,1 миллион гектар сексеуіл көшеттері мен тұқымын еккен. Мұнан бөлек түрлі халықаралық ұйымдар тарапынан да маңызды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Осылайша теңіз аумағындағы эко жүйені қайта қалпына келтіру жұмыстары жоспарлы түрде жалғасын тауып келеді.     

Әлібек Қуантыров, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Тағы да бір тұқымбақ осы Арал теңізінде салынатын болады. Себебі жалпы ұлтанға осы жерде бейімделетін тиісті өсімдіктер ғылыми бағытпен жасап салынатын болады.


 


Бөлісу