Басты Жаңалықтар Жасанды интеллект мамандарын әзірлеуге ерекше мән беріледі

Жасанды интеллект мамандарын әзірлеуге ерекше мән беріледі

Астанада компьютерлік ғылымдар, жасанды интеллект, математика және робототехника бағыттарында мамандар дайындала бастады. Назарбаев университеті жанынан ашылған арнайы мектепте Гонконг политехникалық университетімен бірлесіп іске қосылатын бакалавриат, Deep FinTech саласында кәсіби магистратура және ««Эй-Ай фор Икс» PhD бағдарламасы бар. Ашылу салтанатына Малайзия елінің делегациясы мен шетелдік қонақтар қатысты.

Дурвудхан Суруган, компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект мектебінің вице-деканы:

Бұл мектебіміз жалпы жасанды интеллект саласына ерекше мән береді. Болашақ мамандықтар. Мысалы, болашақта ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі - киберқауіпсіздік және AI safety деп жатыр. Жасанды интеллекті қауіпсіз, біз қалай өз өмірімізге енгіземіз? Сол сұраққа жауап беру үшін болашақ мамандар қажет болады. Біз сондай түлектерді дайындайтын боламыз.


Бөлісу