Басты Жаңалықтар Қазақстан студенттері әлемдік додада топ жарды

Қазақстан студенттері әлемдік додада топ жарды

Ел құрамасы WorldSkills Shanghai 2026 чемпионатында сегіз марапат иеленді. Сайысқа 70-ге жуық мемлекеттен 1400-ден аса студент қатысқан. Еліміздің жұмысшы мамандарын даярлау колледждері арасынан 33 студент іріктеліп, 31 бағыт бойынша бақ сынады. Нәтижесінде құрама 1 қола жүлде, 6 «Кәсіби шеберлігі үшін» медаль және «Best of Nation» марапатын иеленді. Бұл - еліміз үшін WorldSkills тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Мұхаметжан Ағыбай, «Кәсіби шеберлігі үшін» медалінің иегері:

WorldSkills Shanghai 2026-ға қатысқаныма және медаль алғаныма қуаныштымын. Мен программалауды оқушы кезімнен үйрендім, содан кейін колледжге түстім. Колледжге түскеннен кейін осы WorldSkills жарысына қатысып, бірінші қалалық, сосын республикалық кезеңдерден өттім. Республикалық кезеңнен кейін іріктеуден өтіп, EuroSkills-қа, сосын WorldSkills-қа қатыстым. Алдағы жоспарым осы Қазақстан мемлекетінде IT-ді әрі қарай дамытуға үлес қосқым келеді.
Бөлісу