Басты Жаңалықтар Өз-өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелеу - заман талабы

Өз-өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелеу - заман талабы

Өз-өзіне сенімді ұрпақ тәрбиелеу – заман талабы. Өйткені қазіргі құбылмалы заманда тек білімді ғана емес, сонымен бірге ішкі рухы мықты, шешім қабылдай алатын және қиындықтардан қорықпайтын тұлғалар ғана табысқа жетеді. Еліміздің білікті педагогтары қазір қоғамда бала тәрбиесіне аса мән беру керектігін айтып отыр. Яғни сенімділік - баланың әлеуетін толық ашудың және оның болашақта бақытты тұлға болып қалыптасуының негізі болады. Ол үшін баланың пікіріне құлақ асып, оның сезімдерін құрметтеу керек. Сондай-ақ баланы ешқашан басқалармен салыстырмай, тек оның кешегі күні мен бүгінгі күнін ғана салыстырған жөн. Балаға жасына сай шешім қабылдауға және оның салдарына жауап беруге мүмкіндік беру қажет. Ақпарат ағыны көп заманда ақ пен қараны ажырата біліп, өз позициясын дәлелдей алу керек. Өз эмоцияларын түсініп, оларды басқара білу де сенімділікке жол ашады. Бұл бағытта мектеп пен қоғамның рөлі аса маңызды.

Ақмарал Жайлаубаева, №55 мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Біз көбінесе баланың оқыған, алған білімін қорытындылау кезінде тек нәтижені ғана бағалаймыз. Ал тек нәтижені ғана бағаламай, сол нәтижеге жетер жолда баланың әрбір кішкентай жетістіктерін, атқарған ісін, тіптен балаларға көрсеткен көмегін қолдап отыратын болсақ, ол да өзіне сенімділік білдіреді.


Бөлісу