«Қазатомөнеркәсіп» үздік мамандарды марапаттады
Адал еңбегі мен кәсіби шеберлігімен танылған мамандар марапатталды. «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясында «Жыл қызметкері-2026» байқауы қорытындыланды. Атом саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай ұйымдастырылатын байқауға компанияның және оның еншілес әрі тәуелді ұйымдарының 253 қызметкері қатысқан.
30 жылға жуық тарихында «Қазатомөнеркәсіп» атом өнеркәсібіндегі жаһандық
көшбасшы ретінде танылды. Қазір Ұлттық компанияда 21 мыңнан астам маман еңбек
етеді. Ал осы мыңдаған қызметкердің ішінен үздіктерді анықтау жылдағы дәстүрге
айналған.
Мейіржан Юсупов, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма
төрағасы:
Өздеріңіз білесіздер, атом саласы елімізде қарқынды дамып келе жатыр. Осының бәрі біздің өндірістегі жұмысшыларымыздың, ардагерлеріміздің арқасында.
Жыл үздіктерінің қатарында Нұрбай Торғаев та бар. Өндірістің қыр-сырын
терең меңгерген тәжірибелі маман жерасты ұңғымаларын жөндеу жұмыстарына
жауапты. Көпжылдық еңбектің еленгені қуантады, дейді ол.
Нұрбай Торғаев, «ОТХК» БК» ЖШС жерасты
ұңғымаларын жөндеу операторы:
«Қазатомпром» компаниясында істеп жатқаныма 23 жыл болды. Еңбегімді ескеріп, бағалап, марапат табыстап жатқанына алғысымды айтамын. Әріптестеріме толағай табыс тілеймін! Барлығын мерекемен құттықтаймын.
Мерекелік шараға Сыр өңірінен арнайы келген Төребек Балғабайдың еңбек
жолы да осы саламен біте қайнасып жатыр. Маманның еңбек өтілі 40 жылға жуық. 17
жыл «Қызылқұм» кәсіпорнында істеген. Электромеханик ретінде өндірісті
техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіп келеді.
Төребек Балғабай, «Қызылқұм» ЖШС электромеханигі:
Жетістікке жету бір адамның еңбегі емес, сол себепті «Қызылқұм» ұжымына, ГДП бөліміне алғысымды білдіремін. Жұмысшыларды қолдап, көмек көрсетіп жатқанына алғысым шексіз.
Өндірістегі еңбектің өлшемі – жауапкершілік пен кәсіби шеберлік. Ал
«Жыл қызметкері» байқауы еңбегімен ерекшеленген мамандарды дәріптеуге мүмкіндік
береді.
Автор
Айнұр Маратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05
Елде Ұлттық гидрогеологиялық қызмет орталығы құрылды
29.09.2026, 20:04
Егін науқаны аяқталуға жақын
29.09.2026, 20:03