Жамбыл облысында 100 жыл химия өнеркәсібіне еңбегі сіңген әулет тұрады
Жамбыл облысында химия өнеркәсібінде 100 жыл жылдық еңбек өтілі бар әулет тұрады. Бір үйдің адамдары бір салада жұмыс істейді. Ерекше еңбек династиясының бірнеше буыны химия өнеркәсібінде тер төгіп келеді. Данияр Әлімқұл Әулиеатадағы еңбекқор әулетке барып келді.
Жамбылдағы
химия саласында 10 мыңдай адам еңбек етсе, соның бірі Кәмілхан Жұматинов. Ол
қаладағы минералды тыңайтқыш өндіретін зауытта 44 жылдан бері жұмыс істейді.
Қазақстанның құрметті энергетигі. Талай шәкірт тәрбиелеп, химия өнеркәсібіне
қанат қақтырып келеді.
Кәмілхан Жұматинов, еңбек ардагері:
Өзіңнің мамандығыңды сүю керек. Осындай ортада жұмыс істеп, осындай балаларды тәрбиелегенім үшін өзіме ризамын. Балаларға айтарым, егер шешім қабылдап, мен осындай боламын десеңіздер, содан қайтпау керек. Қайтпас адамға қайрат беріледі. Сол қайраттың арқасында жететін межелеріңе жете бересің.
Ол
осы зауытта жан-жарын да жолықтырып, отау құрған. Зайыбы 30 жыл еңбек еткен.
Кейін қос химиктің ізін балалары жалғады. Қызы Ләйлә компрессорлық бөлімнің
маманы, ұлы Мерей қуат көзімен қамту цехының операторы.
Мерей Жұматинов, минералды тыңайтқыштар зауыты энергиямен
қамту цехының операторы:
Әкеммен келетінмін, көрсетіп жүруші еді кезінде. Анау анандай, мынау мынандай болады деп. Содан қызығушылығым оянды. Электрэнергетиканы таңдадым. Практикадан өттім. Одан осы жаққа келіп, жұмыстың бабын көріп, түсіне бастағаннан кейін қызық болды. Содан кейін осы жақта қаламын деп шешіп қойдым.
Осылайша
Жұматиновтар отбасының химия өнеркәсібіндегі еңбек өтілі 100 жылға жетіп отыр.
Демек бір ғасыр бойы бір саланы дамытып келеді.
Айта кетейік, аймақтағы зауыттар жұмысшы мамандарына зәру. Сондықтан
биыл бұл бағытта орта оқу орындарына 4 жарым мың грант бөлінді.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Тау туризмі: «Oi-Qaragai» курорты кеңейіп жатыр
29.09.2026, 20:58
Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді
29.09.2026, 20:56
Непалда тасқын кезінде жоғалып кеткендер әлі табылған жоқ
29.09.2026, 20:54
KazHackStan 2026: Астанада киберқауіпсіздік мәселелері талқылануда
29.09.2026, 20:53
1 қазаннан бастап онлайн несие рәсімдеу тәртібі өзгереді
29.09.2026, 20:06
БҚО-да шаруалар мемлекет қолдауымен кәсібін дөңгелетіп отыр
29.09.2026, 20:05
Елде Ұлттық гидрогеологиялық қызмет орталығы құрылды
29.09.2026, 20:04
Егін науқаны аяқталуға жақын
29.09.2026, 20:03