Г.Асфендиярова және қазақ әйелдерінің қоғамдағы рөлі
Гүлсім Асфендиярованың қоғамдық және кәсіби қызметі қазақ медицинасы мен әйелдер тарихын зерттеуде құнды дерек ретінде қарастырылады.
Қазақтан шыққан тұңғыш жоғары білімді дәрігер саналы ғұмырын медицина саласына, халық денсаулығын қорғауға және қыз-келіншектердің білім алуына арнады. Дәрігерлік қызметімен қатар, ол әйелдердің сауатын ашу, білім алу мүмкіндігін кеңейту және қоғамдағы белсенділігін арттыру мәселелеріне көңіл бөлді. Сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түрлі съездер мен жиындарға делегат ретінде қатысты. Оның қызметі сол кезеңдегі қазақ әйелдерінің қоғамдық және кәсіби ортадағы рөлінің арта бастағанын көрсетеді. Бүгінде Гүлсім Асфендиярованың өмірі мен еңбегі медицина тарихын, әйелдердің білім алу жолын және қоғамдық өзгерістерді зерттеу тұрғысынан қайта зерделеніп келеді. Оның тарихи мұрасы қазақ қоғамындағы әйелдердің білім мен ғылымға ұмтылысының маңызды көрінісі ретінде бағаланады.
Бақанай Амантаев, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ тарихи музейінің меңгерушісі, медицина ғылымдарының кандидаты:
Көрінгенге қарала бермейді әйелдер. Баланы үйінде босанады. Содан кейін паталогия дейміз, үлкен ауруларға ұшырап, кішкентай нәрестелері шетінейді дегендей. Осының бәрін ойластырған Гүлсім Сейітжафарқызы әдейі арнап мектеп ашып, оны отыз жылға таяу басқарады. Орта Азия мен Қазақстанда дейік, алғашқы кесір тілігін жасап, жатырды тіліп, бала мен ананың өмірін сақтап қалған осы – Гүлсім Асфендиярова.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы