Қазақстандықтар Президенттің әскерді реформалау туралы шешімін қолдайды
Қазақстандықтардың 85 пайыздан астамы Президенттің әскерді реформалау туралы шешімін қолдайды.
Мемлекет басшысы осыдан екі күн бұрын өткен арнайы кеңесте Қорғаныс министрлігінің жұмысына жан-жақты тексеру жүргізіп, он күн ішінде әскери жүйені түбегейлі өзгертуді жүктегені белгілі. Президенттің тапсырмасынан кейін «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығы тұрғындар арасында сауалнама жүргізген. Зерттеуге 17 облыс пен республикалық маңызы бар үш қала – Астана, Алматы және Шымкенттен 18 жастан асқан 1000 респондент қатысты. Оларға «Әскерге қандай өзгеріс енгізу қажет?» деген сұрақ та қойылған.
Талап-тілектің 47 пайыздан астамы есеп беру жөнінде. Яғни, респонденттер
Қорғаныс министрлігінде қаржы қайда жұмсалып жатыр, қандай шешімдер қабылданды
– халыққа бәрі белгілі болуы тиіс деп санайды. Қатысушылардың 34 пайызы командалық құрамды жаңарту және оның кәсіби
деңгейін көтеру қажет деп есептейді. 20 пайызы қорғаныс саласындағы жемқорлыққа
қарсы күресті күшейту керек десе, 25%-ы әскерилердің қауіпсіздігі мен әлеуметтік
жағдайын жақсарту маңызды екенін айтқан. Тағы 20%-ы қару-жарақ пен әскери
техниканы жаңарту керек дейді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы