Басты Жаңалықтар Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді

Almaty SuperSki жобасы табиғатқа зиян келтірмейді

Almaty SuperSki - Алматының тау туризмін дамытуға бағытталған ірі жоба. Кластер аясында бірнеше тау курортын байланыстыратын аспалы жолдар салынып, жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық тау шаңғысы трассасы жасалады. 11 аспалы жол мен заманауи кабиналар туристерге таулы аймақта жыл он екі ай демалуға мүмкіндік бермек. Биологтардың айтуынша, зерттеу барысында аумақта Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктің 6 түрі анықталған. Алайда олардың барлығы құрылыс жүргізілетін нақты аумақтардан тыс орналасқан. Сондықтан қазіргі таңда өсімдік жамылғысына қауіп жоқ. Мамандар курорт іске қосылғаннан кейін де табиғи ортаға тұрақты мониторинг жүргізілетінін айтады.
Нұрсұлу Ахтаева, әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ Биология және биотехнология факультетінің кафедра меңгерушісі:
Өсімдік жабына қазіргі таңда келер ешқандай қауіп жоқ. Қазіргі кезде. Әрине, бұл жұмыстар жалғасын табуы керек. Құрылыс алаңы қазіргі кезде енді салынып жатыр - Almaty SuperSki жобасының курорт алаңы. Курорт іске қосылғаннан кейін де біздің тарапымыздан мониторингтік, яғни бақылау жұмыстары жүргізіледі.

Бөлісу