Интернет-алаяқтық 40 пайызға азайды
Соңғы үш жылда интернет-алаяқтық деректері 40 пайызға азайды. Бұл туралы Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Құрылтайда өткен брифингте айтты. Жәбірленушілердің 6 млрд теңгеден астам ақшасы қайтарылған. Тағы 5 жарым миллиард теңгеден астам қаржының шетелге аударылуына тосқауыл қойылды. 170 миллиондай жалған қоңырау бұғатталды. Соның арқасында әккілердің онлайн алдап-арбауы биыл да 13 пайыз азайған. Дәлірек айтқанда, былтыр 16 мың қылмыс тіркелсе, биыл оның саны 14 мыңға дейін төмендеді.
Санжар Әділов, ҚР ІІМ орынбасары:
Қазіргі таңда банк реквизиттерін сыйақы үшін үшінші тұлғаларға бергені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Мұның алдында Украинадағы әріптестермен қызмет атқарып, 20-дан астам бір андай кол орталықтарды тауып, қазіргі таңда 18 адам қамауда Украинада.
Автор
Жанел Нұрболатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан халықаралық бизнеске арналған жобаларын көбейте бастады
07.10.2026, 20:32
Қазақстан Халық Кеңесі ұсыныстарды заңнамалық бастамаға айналдырады
07.10.2026, 20:26
Балалар үйінің ауласына 50 көшет отырғызылды
07.10.2026, 20:25
Қарағанды облысы телемедицина жүйесінің игілігін көріп отыр
07.10.2026, 20:24
Жергілікті етікші тұрғындардың алғысына бөленіп жүр
07.10.2026, 20:22
Жеті жылдағы мәдени серпін
07.10.2026, 20:20
Джеки Чан түскен киножобаның Қазақстандағы түсірілімі аяқталды
07.10.2026, 20:19
Жас инноваторлар: Идеядан өнімге дейін
07.10.2026, 20:19