Ақтөбе су қоймасы жағасынан балық пен құс өлекселері табылды
Ақтөбе қаласының жанындағы су қоймасы жағалауынан балық пен құс өлекселері табылды. Әзірге бұл жағдайға не себеп болғаны белгісіз.
Оларды табиғат аясына дем алуға келген тұрғындар байқаған. Облыстық Экология департаменті мамандарының айтуынша, құстардан сынама алу мүмкін емес. Өйткені өлгеніне көп уақыт болған. Бұған дейін тұрғындар айдынға жақын маңдағы құс фабрикасының қалдықтары төгілуі мүмкін деген болжамдарын айтқан еді. Дегенмен мамандар оны растамады. Өлген құстардың арасында шағалалардан бөлек көгершіндер де бар. Қазір экологтар балық инспекциясы және «Қазгидромет» мамандарымен бірге тексеру жүргізіп жатыр.
Талап Ұснадин, облыстық Экология департаменті басшысының орынбасары:
Құс фабрикасының қасынан зертханалық су алынды және төмен жағынан, үш жерден су алынды. Қазіргі кезде зертханалық жұмыстар жасалынып жатыр. Судың сынамаларының өз тәртібі бар, ол 4-5 күннен кейін дайын болады.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04