Оралда «Мұғалім Talks» тимбилдингі өтті
Оралда Мұғалімдер күніне орай педагогтерге арналған «Мұғалім Talks» тимбилдингі өтті.
Облыстың 12 ауданынан келген мұғалімдер мен мектеп басшылары табиғат аясында бой жазып, ой сергітті. Топқа бөлініп, жарысып, көңілді ойындарға қатысты. «Әділет» партиясы ұйымдастырған іс-шара мұғалімдердің қоғамдағы зияткерлік орнын дәріптеуге, оларға құрмет көрсетуге бағытталған. Тимбилдингтің өзара пікір алмасуға, әріптестік байланысты нығайтуға, мерекелік көңіл күй қалыптастыруға әсері зор. Іс-шараның екінші бөлігінде 100-ге жуық қатысушы дөңгелек үстелде бас қосты.
Айтжан Даумова, қалалық №41 мектеп-лицейдің директоры:
Үлкен мерекенің қарсаңында осындай шара өткізгеніне біз қуаныштымыз. Сондықтан барлық мұғалімді Ұстаздар күнімен құттықтаймын! Біздің мектеп «Үздік білім беру ұйымы» деген грантты ұтып алған болатын және қала мектептерінің ішінде «Зияткер мектеп» деген атаққа ие болдық.
Бауыржан Бектұрған, «Әділет» партиясы облыстық филиалының төрағасы:
Тимбилдингтен соң отырыс болады. Онда біз партияластарымызбен, мұғалімдер және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, өңірдегі білім саласының дамуын талқылаймыз. Мұғалімдерді әрқашан қолдаймыз.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан халықаралық бизнеске арналған жобаларын көбейте бастады
07.10.2026, 20:32
Қазақстан Халық Кеңесі ұсыныстарды заңнамалық бастамаға айналдырады
07.10.2026, 20:26
Балалар үйінің ауласына 50 көшет отырғызылды
07.10.2026, 20:25
Қарағанды облысы телемедицина жүйесінің игілігін көріп отыр
07.10.2026, 20:24
Жергілікті етікші тұрғындардың алғысына бөленіп жүр
07.10.2026, 20:22
Жеті жылдағы мәдени серпін
07.10.2026, 20:20
Джеки Чан түскен киножобаның Қазақстандағы түсірілімі аяқталды
07.10.2026, 20:19
Жас инноваторлар: Идеядан өнімге дейін
07.10.2026, 20:19