Басты Жаңалықтар Атырау облысында тазалықты дрондар бақылайды

Атырау облысында тазалықты дрондар бақылайды

Атырау облысы Мақат ауданында тазалықты енді дрондар бақылайды. Ұшқышсыз аппараттар елді мекендерді аралап, заңсыз қоқыс орындарын анықтайды. Ақпарат арнайы жүйеге енгізіліп, жауапты мамандарға жолданады. «Таза Қазақстан» акциясы аясында қолға алынған жоба үш айда 262 құқық бұзушылықты анықтауға мүмкіндік берген. Оның 197-іне ескерту берілсе, 65 тұрғынға айыппұл салынып, нәтижесінде бюджетке 3 миллион теңге өндірілген.

Нұрлан Маутқали, Мақат ауданы әкімінің кеңесшісі:

Күздің уақытында бұл дронға біз қосымша қатты сөйлеу қондырғысын қондырғалы жатырмыз. Себебі ол бізге не үшін керек? Мысалы, өрт болған жағдайда қатты дауыспен барлығына сигнал беріп, алдын алып, барлығын хабарлаймыз. Дронды ұшыру бұл тек айыппұл салу емес, бұл бірінші тазалықты сақтау.


Бөлісу