Еуропада жалған дәрі сататын онлайн дәріханалар көбейді
Еуропада жалған дәрі сататын
онлайн дәріханалар көбейген. Ауырсынуды басады деген жарнамамен саудаланған
препараттарды қабылдағаннан Нидерландта бірнеше адам көз жұмды. Тергеушілердің
мәліметінше, оксикодон деп сатылған дәрілердің құрамында морфиннен 500 есе күшті
және бірнеше минутта өлімге әкелетін синтетикалық есірткілер анықталған. Былтыр
ЕуроОдақта құны 33 миллион еуродан асатын жалған дәрі-дәрмек тәркіленген. Мамандар
пошта арқылы жөнелтілетін шағын сәлемдемелер санының қарқынды өсуі заңсыз
тауарларды дер кезінде анықтауға, тексеруге тұсау болып тұрғанын айтады. Қайғылы
оқиғаның алдын-алу үшін дәрігерлер тұрғындарға медициналық препараттарды тек заңды
дәріханалардан сатып алуға кеңес беруде.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан халықаралық бизнеске арналған жобаларын көбейте бастады
07.10.2026, 20:32
Қазақстан Халық Кеңесі ұсыныстарды заңнамалық бастамаға айналдырады
07.10.2026, 20:26
Балалар үйінің ауласына 50 көшет отырғызылды
07.10.2026, 20:25
Қарағанды облысы телемедицина жүйесінің игілігін көріп отыр
07.10.2026, 20:24
Жергілікті етікші тұрғындардың алғысына бөленіп жүр
07.10.2026, 20:22
Жеті жылдағы мәдени серпін
07.10.2026, 20:20
Джеки Чан түскен киножобаның Қазақстандағы түсірілімі аяқталды
07.10.2026, 20:19
Жас инноваторлар: Идеядан өнімге дейін
07.10.2026, 20:19