Президент Бавария Ландтагының төрағасымен кездесті
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бавария Ландтагының Төрағасы Ильзе Айгнермен де кездесті. Кездесуде Қазақстан мен Бавария арасындағы сауда-экономикалық және парламентаралық байланыстарды дамыту мәселелері талқыланды. Президент Баварияның Қазақстанмен сауда-саттықты жандандыру мен өзара ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін атап өтті. Сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту жолдары қаралды. Ильзе Айгнер арадағы сауда-экономикалық, көлік және инвестициялық байланыстарды нығайту мүмкіндіктерін зерделеуге дайын екенін айтты. Тараптар Қазақстан мен Бавария арасындағы мазмұнды диалогты одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін растады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сотқа үйден онлайн жүгінуге болады
24.11.2026, 20:11
Маңғыстауда балалар арасында тұмау өршіп тұр
24.11.2026, 20:09
Туа біткен тамыр ақауын емдеудің жаңа әдісі
24.11.2026, 20:09
Инфекциялық ауруханаларда орын саны көбейді
24.11.2026, 20:08
Музей мен мұрағатқа жаңа ғимарат керек
24.11.2026, 20:06
Әлем жаңалықтарына шолу
24.11.2026, 20:06
Олжас Бектенов ҚТЖ-ның жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді
24.11.2026, 20:05
Алматыда нөсер жауыннан көлік қозғалысы қиындады
24.11.2026, 20:04