Абай облысында оқушылар цитрус өсіре бастады
«Таза Қазақстан» – жай ғана ұран емес, жалпыұлттық құндылық. Мемлекет басшысы тазалықтың мәні адам бойындағы жауапкершілік пен елге жанашырлықтан бастау алатынын атап өтті. Абай облысы Бесқарағай ауданында мектеп оқушылары цитрус жемістерін өсіре бастады. Бұл – «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асып жатқан экологиялық жобалардың бірі. Жас зерттеушілер сирек кездесетін өсімдіктерді көбейтіп, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жобаларын күнделікті өмірде қолдана бастаған. Экологиялық бастамалар тек зертханамен шектелмей, оқушылар өз жобаларын білім ордасы мен саябақтарды да көгалдандыруға пайдаланып жүр. Жас экологтардың белсенділігінің арққасында аудан орталығы да тазара түсті, дейді ұстаздар.
Динара Әйкен, жобаны үйлестіруші:
«Таза Қазақстан» деген - өзіміздің үйіміз, мектебіміз, туған жерімізден қамқорлық етуден басталады. Білім мен ізденісті ұштастыра отырып, жаңа деңгейге шығаруға көптеген мүмкіндік бар. Мектебімізде өздеріңіз көргендей бірнеше мақсаты бола тұра, барлығын біріктіретін мақсаты экологиялық мәселені анықтай отырып, оның шешу жолдарын білім мен ғылым және технология арқылы шешу.
Автор
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13