Азиада: Жүлдегерлер елге оралды
Жеңіл атлетикадан ХХ жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері Полина Иванова елге оралды. Алматы әуежайынан спортшыны жанкүйерлері мен спорт саласының өкілдері қошеметпен күтіп алды. Полина Иванова Жапонияда өткен додада сырықпен секіруден 4 метр 35 сантиметр нәтижесімен қола жүлдеге ие болды. Бұл – Қазақстанның әйелдер арасындағы сырықпен секіруден Азия ойындарындағы тұңғыш жүлдесі. Айта кетсек, ХХ жазғы Азия ойындарын қазақстандық жеңіл атлеттер 6 жүлдемен қорытындылады. Сондай-ақ бірқатар спортшыларымыз үздік нәтижелерін тіркеп, жеке рекордтарын жаңартты.
Полина Иванова, Азия ойындарының қол жүлдегері:
Бәсекелестік өте мықты болды. Қытай, Жапония спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Қазақстан рекордын жаңарта алмасам да, қола медаль иелендім. Бұл – спорттағы алғашқы жүлдем, сондықтан мен үшін өте қымбат. Медаль алғаныма алғашында өзім де сене алмадым. Енді аздап демалып, қазан айында қысқы маусымға дайындықты бастаймыз.
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13