Астанада үш ұрпақты тоғыстырған фестиваль өтті
Бүгін елордада зейнеткерлерге арналған «Үш ұрпақ – ортақ мұрат» атты республикалық фестиваль өтті. Қариялар ұлттық ойындарға қатысып, ойлау жүйесін жаттықтыратын менталды арифметика сабақтарына атсалысты. Сонымен қатар қарттарға заманауи технологияларды үйретуге бағытталған «Цифрлық ата, цифрлық әже» алаңы ұйымдастырылды. 350-ге жуық көрермен жиналған жиын ашық диалог алаңына айналып, көпшілік концертті тамашалады.
Мағжан Қыстаубаев, «Әділет» партиясының Астана қалалық филиалының төрағасы:
1 қазан қарттарды ардақтау күні. Осындай күннің арқасында біз ерекше көңіл бөле аламыз. Бүгін алғаш рет Астана қаласында осындай ерекше форматта өткізіп жатырмыз. Интернетте қалай жұмыс істеу керек? Алаяқтардан қалай сақ болу керек деген сияқты заманауи цифрлық сауатты үйретіп көрсетіп жатыр. Соның барлығы осындай керемет таза ауада концерттің аясында көтеріңкі көңіл күймен өтіп жатыр.
Шарипа Өстемірова, Есіл ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Ардагерлер кездесіп, бірін-бірі көріп осындай концерт осындай шаралар өткізіп жатады, сонда олар жасарады. Осындай кездесулерде олар бір жасап қалады. Сондықтан біздің ардагерлер бәрі осындай іс-шараға қуана-қуана келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13