Спортшылар Азия ойындарынан жүлдемен оралды
Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өткен ХХ жазғы Азия ойындарында жүлдеге іліккен қазақстандық атлеттер елге оралды.
Алматы халықаралық әуежайында спортшыларды жанкүйерлері мен спорт саласының өкілдері қарсы алды. Кристина Морозова мен Кристина Овчинникова күміс медаль иеленсе, Нора Джеруто Тануи да 3 мың метрге кедергілер арқылы жүгіруден екінші орын алды. Ал Ясмина Тоқсанбаева спорттық жүрістен марафонда топ жарып, Азия чемпионы атанды. Делегация құрамында 15 спортшы мен 5 жаттықтырушы бар.
Кристина Овчинникова, ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері:
Өз мүмкіндігімді көрсетіп, күміс медаль жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Бұл жарыста нақты нәтиже болады деп жоспарлаған жоқпын. Дайындығымыз өте күрделі өтті. Сондықтан жүлдемен оралғаныма қуаныштымын. Ендігі басты мақсатымыз – Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындық.
Автор
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13