Шу вокзалы пайдалануға берілді
Жамбыл облысында Президент таспырмасымен күрделі жөндеуден өткен Шу вокзалы пайдалануға берілді. Тоғыз жолдың торабындағы нысан 37 жыл бұрын салынған.
Содан бері жөнделмеген нысан құрылысына былтыр 6 млрд теңге бөлінді. Жалпы ауданы 8 мың шаршы метрден асатын вокзалдың бес қабаты толық жаңартылды. Қасбеті, шатыры мен инженерлік жүйелері жаңартылып, перроны абаттандырылды. I санатқа жататын Шу станциясы арқылы 48 жолаушылар және 100-ге тарта жүк пойызы қатынайды. Сонымен қатар Шу қаласын Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан қалаларымен байланыстырады. Ал вокзалға тәулігіне мың жарымнан аса адам аялдайды.
Манат Сатова, Шу қаласының тұрғыны:
Біз өте қуаныштымыз қала тұрғындары. Бұрынғы уақытта біздің вокзалымыз өте ескі болатын. Күрделі жөндеуден өтіп, әдемі вокзалдың ішінде болғанымызға өте қуаныштымыз.
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13