Президент БАӘ делегациясын қабылдады
Президент БАӘ делегациясын қабылдады. Әмірліктің Энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл Әл-Мазруи және Абу-Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы, «Джи42 Интернэшнл» компаниясының бас директоры Мансур Әл-Мансуримен кездесті. Жүздесуде Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту мәселелері талқыланды. Былтыр БАӘ-ден Қазақстанға 1,64 миллиард доллар тікелей инвестиция тартылған. Тараптар көлік-логистика саласына, Каспийдегі порт инфрақұрылымын дамытуға, Орта және Трансауған дәліздерін нығайтуға баса мән берді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қос ел арасындағы достық байланыстарды нығайтуға үлес қосқан азаматтарды «Достық» II дәрежелі орденімен марапаттады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13