Ақмола облысында 16-вокзал жаңартылды
Көкшетауда жаңартылған теміржол вокзалы техникалық режимде ашылды. Бұл Ақмола облысында күрделі жөндеуден өткен 16-вокзал. Теміржол инфрақұрылымын жаңарту аясында өңірдегі 9 вокзал жаңадан салынды.
Көкшетау сияқты курортты аймақтың орталығы үшін теміржол вокзалының жаңартылуы өте маңызды. Сондықтан оның техникалық ашылуының өзі тұрғындар үшін үлкен мерекеге айналды. 45 жыл бұрын салынған ғимараттың қасбетінің жаңа эскизін халықтың өзі таңдаған. Бүгінде ғимараттың қасбетімен бірге ішкі бөлмелері жаңартылып, жолаушыларға арналған инфрақұрылым түбегейлі өзгерді.
Осы күрделі жұмыстан кейін 6 эскалатор болады, 4 лифт, екі мүгедектерге арналған лифт болады және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған арнайы бөлмелер болады. Осы қараша айында вокзал жұмысы толық бітеді. Қазіргі кезде бізде конкорс өткелі жасалып жатыр.
Жексенбай Дүйсебаев, Ақмола облысының құрметті азаматы:
Шойын жол вокзалы жаңартылып, жаңа көрікке, жаңа қалыпқа, жаңа дәстүр бойынша заманауи шойын жол вокзалы бүгін ашылып отыр. Бүгінгі өзгертілген вокзалда керемет, ғажайып жаңдай жасалған. Эскалаторлар да бар, терминалдарыңыз да бар, шығып, кіріп отыратыны бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы