Президент Ли Кай-Фумен жасанды интеллектіні дамыту мәселесін талқылады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директоры, жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады. Кездесуде Қазақстанда ЖИ-ді дамыту және цифрлық трансформация мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Ли Кай-Фудың еліміздің дамуына үлес қосқанын атап өтті. Қазір Үкімет Ли Кай-Фудың ұсыныстарына және озық халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу жобасын іске асыруға кіріскен. Пилоттық жоба биыл 10 мектепте жүзеге асырыла бастады. Оны келесі жылдың қаңтарында 60, сәуірінде 500 мектепке дейін кеңейту жоспарланған.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13