Ақтөбелік оқушылар экологиялық жобалар ұсынды
Ақтөбелік оқушылар өздерінің экологиялық жобаларын ұсынды. «Смарт білім» мектеп-гимназиясында өткен шара барысында ауқымды флешмоб та ұйымдастырылды.
Осылайша білім ордасының ұстаздары мен оқушылары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасына қолдау білдірді. Мектеп ұжымы ағаш отырғызу мен тазалық жұмыстарына ұдайы үлес қосып отырады. Талантты шәкірттер дайындаған экологиялық жобалар да ерекше. Мәселен, оқушылардың бірі жаңбыр суын арнайы сүзгіден өткізіп, оны егін шаруашылығына қолдану жолдарын ұсынды. Шараға арнайы шақырылған әкімдік өкілдері мен экологтар бұл жұмыстарды жоғары бағалады.
Дельбара Жұмабаева, оқушы:
Жобаға бір ай уақыт көлемінда уақыт кетті. Жоба жасау өте қызықты болды. Біз әртүрлі ақпарат көздерінен ізденіп, жобаны жасадық. Әртүрлі қалдықты сүзгеннен кейін бидай өнімдерін 10-20 күн аралығында алуға мүмкіндік береді.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13