Көлік, әуе, кеме бағыты цифрландырылуда
Қазақстанда кейінгі үш жылда 19,1 мың шақырым автомобиль жолы салынып, бірқатары қайта жөнделді. Биыл тағы 11 мың шақырымнан астам жолға құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде талапқа сай республикалық маңызы бар жолдардың үлесі 92%-дан
95%-ға, жергілікті маңызы бар жолдар бойынша бұл көрсеткіш 86%-дан 92%-ға дейін
жетті.
Елімізде жаңа теміржол желілерін салу бойынша ауқымды жобалар қарқынды жүзеге
асырылып жатыр. Мәселен, соңғы бес жылда 911 шақырым темір жол салынды, тағы 800 шақырым темір
жолдың құрылысы жүргізілуде.
Әуе қатынасында да жаңа мүмкіндіктер ашылды. Биыл Арқалық әуежайы қалпына
келтіріліп, Астана, Алматы және Қостанай қалаларымен әуе қатынасы жаңданды. Жыл соңына дейін Зайсан, Катонқарағай және Кендірлідегі жаңа
әуежайлардың құрылысын аяқтау көзделген. Ел ішіндегі әуе рейстерінің саны
630-дан 890-ға дейін артты.
Президент тапсырмасына сәйкес, жол-көлік, әуе, кеме бағыттарына цифрлық
технологиялар енгізіліп жатыр. Мысалы, пойыздардың қозғалысын бақылайтын
GPS-трекерлер іске қосылды. Сондай-ақ,
шалғай аймақтарда да пойыз ішінде базалық интернет пакетін пайдалану мүмкіндігі
қарастырылмақ. Қазақстан, Әзербайжан және Грузияның теміржол жүйелері арнайы
платформа арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша интеграцияланды. Ал жаңа
технология көмегімен кедендік рәсімдеу процесі қағазсыз жүргізіледі.
Нәтижесінде бұл процесс 8 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарды. Ал Қытайдан
Грузия мен Түркия порттарына жүк жеткізу мерзімі 38 тәуліктен 17 тәулікке дейін
азайды.
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13