Вице-Президент ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады
Кейінгі 7 жылда елімізде 1301 жаңа мектеп ашылды. Бұл ретте Қазақстан жаңа мектептер құрылысы жөнінен Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет екенін атап өткен жөн. Вице-Президент Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп жазды. Ол ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздардың мәртебесін көтеріп, оларды қолдауға ерекше көңіл бөліп келеді. Президент ретінде қабылдаған алғашқы маңызды шешімдерінің бірі де мұғалімдерге қатысты болғанын жақсы білеміз. Оның тікелей бастамасымен «Педагог мәртебесі» туралы заң қабылданды. Ең жоғары мемлекеттік награда – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы мұғалімдерге беріле бастады. Сол секілді мұғалімдердің еңбекақысын еселеп арттырып, саладағы бәсекелестікті жаңа деңгейге көтерді. Президент тек мұғалімдерге ғана емес, жалпы білім саласына ерекше қолдау көрсетіп отыр. Баршаңызды бүгінгі Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!»,- деп жазды ол.
Автор
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13