Халық кеңесінде өңірлерді дамыту мәселесі қаралды
Қазақстан Халық Кеңесінің Өңірлік
даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің алғашқы отырысы өтті. Онда
Мемлекет басшысының азаматтық қоғам институттарына жүктеген міндеттерін іске
асыру мәселелері қаралды. Негізгі күн тәртібін талқылауға Қазақстан Халық кеңесі
Төрағасының орынбасары – Хатшылық басшысы Қанатбек Жайсанбаев қатысты. Жиында
Халық кеңесінің мүшелері өңірлік даму және кәсіпкерлікті қолдау, экология және әлеуметтік
жауапкершілік жөніндегі салалық комиссияларға бөлінді. Сондай-ақ отырыстың күн
тәртібіне Комитет қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз ету мәселелері
енгізіліп, салалық комиссиялардың ережелері бекітілді. Жұмыстың негізгі бағыттары
айқындалды. Комитет отырысында атап өткендей, келіп түскен бастамалар жұмысты
үйлестіру жөніндегі жоспарға енгізілетін болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы