Басты Жаңалықтар Йемен әскері стратегиялық бұғазды хуситтерден қайтарып алды

Йемен әскері стратегиялық бұғазды хуситтерден қайтарып алды

Йеменнің Сауд Арабиясына сүйенген үкіметі ираншыл хуситтерге қарсы ауқымды операция жүргізіп, Баб-әл-Мандеб бұғазын мемлекет қарамағына қайтарды. Бұл стратегиялық су жолын шииттік қозғалыс өткен айда басып алған еді. Хуситтердің Мокка қаласы мен жақын маңдағы елді мекендерден ығыстырлғанын Йемен қорғаныс министрлігі ресми түрде растап отыр.

Айта кетсек, халықаралық деңгейде мойындалған үкімет күштері өткен тәулікте Забуб ауданын да қайтарды. Биыл АҚШ пен Израиль Иранға соғыс ашқаннан кейін Ормұз бұғазы жабылып, мұнай экспорты қиындады. Сондықтан Баб-әл-Мандебтің Таяу Шығыстың энергетикалық шикізатын әлем нарығына шығарудағы маңызы мейлінше артып отыр.

Бөлісу