БҚО-да тазалық ережесін бұзған 7 мың адам жауапқа тартылды
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері тазалық ережесін бұзған 7 мыңнан астам адам жауапқа тартылды. Тарқатып айтсақ, қоқысты контейнерге емес, алаң айналасына тастап кеткен мыңнан аса тұрғын анықталды. Сондай-ақ 370 адам қоғамдық орынды ластаған. Ал абаттандыру талаптарын бұзған 5 641 дерек тіркелген. Құқық бұзушылардың барлығы да әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Облыс орталығында 50 контейнерлік алаң бейнебақылау камерасымен жабдықталып, "Target EYE" жүйесіне қосылған. Жыл басынан бері бұл жүйе арқылы 41 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, кінәлілер жауапқа тартылды. Бірлескен рейдтер барысында қалада 30 стихиялық қоқыс орны анықталып, тазартылған.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жасанды интеллект түсірген фильм
06.10.2026, 20:25
Жаңа қоғамдық әдепті қалыптастыру – заман талабы
06.10.2026, 20:21
Жоғары білім: 7 жылдағы нәтиже мен жетістік
06.10.2026, 20:20
Әзербайжан сарапшысы: Қазақстанда омбудсмен институты күшейіп келеді
06.10.2026, 20:18
Қайтарылған қаражат есебінен 13 ауылға ауыз су берілді
06.10.2026, 20:17
Вице-Президент Ерлан Қарин бірқатар екіжақты кездесу өткізді
06.10.2026, 20:15
Ақтөбеде жаңа театрдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр
06.10.2026, 20:15
Әлем жаңалықтарына шолу
06.10.2026, 20:13