Абай болыңыз: Жолдарда қар аралас жаңбыр жауады
Көлік жүргізушілеріне ескерту! Ауа райы құбылып тұр. ҚазАвтоЖол мамандары бүгін республикалық жолдардың кей учаскелерінде ауа райы күрт нашарлайтынын хабарлады. Ақмола, Алматы, Жетісу, Қарағанды, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында қар аралас жаңбыр мен қар жаууы ықтимал. Осыған байланысты жолдағы қолайсыз жағдайды ескеріп, барынша сақ болуға шақырды. Жүргізушілерге жылдамдықты төмендетіп, арақашықтықты сақтау ескертіледі. Қосымша ақпарат үшін тәулік бойы 1403 нөміріне хабарласуға болады.
Аружан мұратова, «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы:
6-8 қазанда атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады. Елдің солтүстік батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Бұрқасын, екпінді жел болжанады. Республика бойынша түнде және таңертең тұман түседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы