11 өңірде жылу маусымы басталды
Жылу маусымы 11 өңірде басталды. Бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Үкімет отырысында өңірлердің жылу маусымына дайындығын баяндады. Оның сөзінше, бүгінгі таңда жылу 11 өңірге берілді. Қазан айының ішінде ауа райына байланысты жылыту маусымы қалған өңірлерде кезең-кезеңімен басталады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов жауаптыларға халыққа қажетті көмір бағасын тұрақты бақылауда ұстап, отын тапшылығына жол бермеуді тапсырды.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Мен жылу көздері мен желілердің дайындығын 1 қазанға дейін қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Бір өңірден басқасының бәрі бұл тапсырманы мерзімінде орындады. Тек Семей қаласында жылу желілері уақытылы дайын болмай шықты. Осыған байланысты Абай облысы әкімінің аталған салаға жетекшілік ететін орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы