Отандық ғалымдардың 30 ғылыми жобасы экспорттқа шықты
Отандық ғалымдар әзірлеген 30 ғылыми жоба шетелдік нарыққа шықты. Ғылым
және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, оның ішіндегі 8 жобаның сатылым
көлемі 1 млрд теңгеден асқан. Отандық
тауарлар Ресей, Қытай, Өзбекстан және Грузия нарықтарына жеткізіледі.
Экспорттың негізгі көлемі агроөнеркәсіптік кешен мен химия өнеркәсібіне тиесілі.
Зертханада жасалған жобалардың бірқатары бүгінде дайын өнім ретінде нарыққа
шығып жатыр. Олардың ішінде ауыл шаруашылығына арналған биологиялық
препараттар, өндірістік технологиялар мен жаңа материалдар бар. Соның бірі – сұйық
жүктерді тасымалдауға арналған флекситанк.
Игорь Созинов, жоба жетекшісі:
Қазірдің өзінде Қазақстан нарығына құны 300 миллион теңгеден асатын өнім жеткіздік. Флекситанк Өзбекстанға да жөнелтіліп жатыр. Ал Түрікменстанға экспорттау бойынша келіссөз жүргізудеміз. Жобаның жалпы бюджеті 425 миллион теңгеден асады.
Мұндай әзірлемелердің тағы бірі – «NanoKukirt»
биопрепараты. Жоба зертханалық зерттеуден өндіріс
кезеңіне өтіп, қазір өнімді кең көлемде шығару жолға қойылған.
Гүлнар Ұлтанбекова, биология ғылымдарының кандидаты:
Бұл препараттардың негізгі ерекшелігі өсімдіктің өсімін арттырады және оларға ауруларына фунгициттік әсері бар. Аурулардың тежейді. «Ғылым қорынан» қаржыландырылған ақшаға құрал-жабдықтар алынған. Материалдар алынған. Кең көлемде шығарылып жатыр.
Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу үшін соңғы 10 жылда 8 конкурс
өткізіліп, 400-ден аса жоба мемлекеттік қолдауға ие болған. Бұл бағыттағы
жобалардың жалпы экспорт көлемі 1,7 млрд теңгеге жеткен.
Серік Мәжікенов, «Ғылым қоры» АҚ технологияларды коммерцияландыру департаментінің
директоры:
Осы жобаларды қаржыландыруға 90 млрд теңгеден аса қаржы бөлінсе мемлекеттік бюджеттен, ғылыми-коммерцияландыру жобаларының ғылыми-техникалық дамуға елімізге қосқан үлесі 147 млрд теңгені құрап отыр. Оның ішінде сатылым деңгейі 65 млрд теңгені құрап отыр.
Бүгінде қазақстандық ғалымдардың әзірлемелері ауыл шаруашылығымен қатар, су тазарту, қалдықтарды қайта өңдеу, химиялық реагенттер және жаңа материалдар бағытында да қолданысқа енгізіліп жатыр. Олардың шетелдік нарыққа шығуы ғылыми жобалардың коммерциялық өнімге айналу мүмкіндігін көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы